Сәу 14, 2021 14:40 Asia/Almaty
  • Салеһи: Натанзда уран байыту жалғасуда

Иран Атом ұйымы басшысы Натанзда уран байытудың жалғасуын хабарлады.

 

Әлиакбар Салеһи: «Иранның уранды 60 пайызға дейін байыту шешімі  санкциялардың күшін жою жөніндегі Иран Ислам кеңесі мәжілісінің стратегиялық іс-қимыл заңына сәйкес келеді. Бұл жұмыс «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы шеңберінде жоспарланған және біз байланысты зерттеулерді бұрыннан бастадық»,- деді.

Иран сейсенбі күні  Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) бас директоры Рафаэль Гроссиға жазған хатында ол Натанз ядролық нысанында 1000 жаңа центрифуганың орнатылатынын мәлімдеді.

 

Тегтер