Сәу 14, 2021 15:54 Asia/Almaty
  • Иранның жоғары оқу орындарына 133 елден студенттер қабылданды

Иран Ғылым министрлігінің ирандық емес студенттермен жұмыс жөніндегі жалпы бөлімінің бастығы Иранның университеттеріне 133 елден студенттер қабылданғанын хабарлады.

 

Афшин Ахундзаде: «Ауғанстан, Ирак, Сирия, Ливан және Қытай -  Иранда ең көп студенттері оқитын бес мемлекет»,- деді. Иран Ғылым министрлігінің ирандық емес студенттермен жұмыс жөніндегі жалпы бөлімінің бастығы парсы тілі мен, құқық және компьютерлік инженерияны Ирандағы шетелдік студенттер үшін ең көп талап етілетін оқу саласы ретінде атады.