Сәу 15, 2021 14:35 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы, санкциялар мен келіссөздер туралы: "Иранның ядролық бағдарлама мен санкцияларға қатысты саясатын жалпы жиында жариялап, жауапты басшылардың жиналыстарында жазбаша баяндадым, сондықтан ел саясаты айқын. Олар не істеу керек екенін біледі",-деді.

Аятолла Хаменеи діни белсенділердің бір тобымен бейнеконференция қалыбында өткен "Құран Кәріммен достасу" атты нұрлы рəсімде: "Осы саясатты орындау үшін келіссөздер өткізуге барсын. Бұл орайда қарсылық жоқ. Тек келіссөздердің басқа аяға ауыспауын қадағалау керек. Өйткені бұл елге зиянды болмақ",-деді. 

Ислам революциясының жетекшісі америкалықтардың келіссөздер өткізуге табандылығын өз ұстанымын таңуға талпыныс деп атап: "ИИР қисыны мынау: АҚШ алдымен санкцияларды жоюы керек, өйткені оларға сенім жоқ, бұрын сан рет уағда бұзды. Тіпті кейбір еуропалық келісімгерлер шешім қабылдауда америкалықтардың ығына жығылып, тәуелсіз қатынас көрсете алмаса да, жеке жиналыстарда АҚШ-тың уағда бұзғанын растап отыр",-деді. 

Аятолла Хаменеи: "Америкалықтардың ұсыныстарының көбі өз үстемдігін көрсетіп, қарсы тарапты қорлау сипатында. Сондықтан тіпті көз жүгіртуге тұрмайды",-деді.