Сәу 15, 2021 15:57 Asia/Almaty
  • Иранның Мұнай министрі: Мұнай-химия өнеркəсібінің əлеуеті 40 млрд долларға жетеді

Иранның Мұнай министрі елде мұнай-химия өнеркəсібі əлеуетінің 40 млрд долларға жететінін хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бижан Намдар Зангане бейсенбі күні елдің мұнай-химия өнеркəсібінің үшінші серпіліс жобаларының жүзеге асырылатынына тоқталып: "Осыдан бұрын 1404 жылға жарияланған 34 млрд долларлық өндіріс əлеуеті 1406 жылы 40 млрд долларға жетеді",-деді.

Зангане Иран Президентінің қатысуымен Мұнай министрлігінің жобаларын іске қосу рәсімінде: "Мұнай-химия өнеркəсібінің əлеуетін арттыруға бағытталған аса ірі үшінші серпіліс жобаларын орындауға қажетті материал қамтамасыз етіліп, инвесторлар анықталып, осы үкімет кезінде олардың жұмысы басталады",-деді.