Сәу 15, 2021 18:27 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Иранда 321 адам көз жұмды

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні: «Өткен тәулікте елде COVID-19-дан 321 адам көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 65680 адамға жетті»,-деп хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, бір тәулікте тағы 25078 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 3373-і ауруханаларға жатқызылды. Коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 2 168 872 адамға жетті»,-деп мәлімдеді.

 

Тегтер