Сәу 16, 2021 16:02 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Иран уранды 60 пайызға байытты

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы елде уранның 60 пайызға байытылғанын хабарлады.

Қалибаф жұма күні Твиттердегі жеке парақшасында: «Түнгі сағат 00:40-та ирандық ғалымдардың 60 пайызға байытылған уранға қол жеткізгенін мақтанышпен жариялаймын»,-деп жазды.

Қалибаф: «Иранның ержүрек халқын осы сәттілікпен құттықтаймын. Иран халқының ерік-жігері ғажайып тудырып, кез келген қастандықты залалсыздандырады»,-деді.

ИИР 23 ақпаннан бері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында ерікті түрде атқарып жүрген кейбір шараларын «Иран халқының құқығын қорғауға және санкцияларды жоюға бағыттталған стратегиялық шаралар» заңы аясында тоқтатты.

Иран санкциялар жойылып, жойылғаны расталып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында мүддесі қорғалғаннан кейін осы келісімдегі өз міндеттемелеріне қайтып оралуға дайын екенін жариялады.

Тегтер