Сәу 19, 2021 15:39 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі сардар Сейед Мұхаммад Хиджазидің қайтыс болуына орай көңіл айтты

Аятолла Хаменеи сардар Сейед Мұхаммад Хиджазидің қайтыс болуына орай көңіл айтып: «Өкінішке қарай, мақтан тұтар сардарымыздан айырылғанымыз жайлы хабар алдым. Талпынысқа толы өмір, ізденімпаз ой, шынайы иманға толы жүрек, мұқалмас ерік-жігерге ие болып, ислам мен революцияға бар жан-тәнімен қызмет еткен жауынгер – мұның барлығы Алла жолындағы осы мұджаһедтің тұлғалық сипаты»,-деді.

Аятолла Хаменеи: «Сейед Мұхаммад Хиджази Ислам революциясы Сақшылар корпусында жоғары лауазымдарда қызмет атқарды және кез келген қызметте сәтті әрекет етті. Одан айырылу біз үшін орны толмас өкініш, жұбатылмас қайғы. Оның жұбай мен балаларына, туған-туыстары, достары мен әріптестеріне шын жүректен көңіл айтамын. Сіздер үшін Алладан сабырлық, ал сардардың рухына рақым мен кешірім тілеймін»,-деді.