Сәу 21, 2021 14:35 Asia/Almaty

21 сәуір (1 урдибехешт) - Иранның әйгілі ақыны Сағдиді еске алу күні.

 

Сағди деген атпен танымал Иранның әйгілі ақыны Мослехуддин Ширази хижра-қамари күнтізбесі бойынша 606 жылы Ширазда (Иранның оңтүстігінде) дүниеге келген. Сағди өмірінің 20 жылдан астам уақытын сапар-саяхатпен   өткізді. Хижра-қамаридің 655 жылы Сағди «Бустан» («Сағди Нама») поэзия жинағын жазды, ал бір жылдан кейін «Гүлестан» деп аталатын парсы әдебиетінен тәуелсіз проза кітабын жазды. Сағди 691 жылы қайтыс болды және оның Шираздағы қабірі туристердің қызығушылығына ие болды. Жыл сайын әлемнің әртүрлі елдерінде Иранның әйгілі ақыны Сағдиді еске алу күні өткізіледі.