Maм 03, 2021 15:54 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі: "Ислам революциясы Сақшылар корпусының Құдс күштері – Батыс Азиядағы ырықсыз дипломатияның алдын алуға әсер еткен ең ірі фактор",-деді.

Аятолла Хаменеи жексенбі күні Дүниежүзілік жұмысшы күні мен Мұғалім күніне орай жасаған баяндамасында кейбір ресми тұлғалардың айтқан сөздерінің дұшпандар тарапынан теріс мақсатта пайдаланылғанын сынап, Құдс күштерінің ИИР-ның саясатын жүзеге асырғанын айтты.

Ислам революциясының жетекшісі дұшпанның ақпарат құралдары мен ИИР-ге қарсылардың қолына түскен аудиофайлды сынап: "Америкалықтардың Иранның аймақтағы ықпалына қатты ызаланып жүргеніне жылдар болды. Шәһид Солейманиге сол үшін қарсы шығып, оны шәһид етті",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі: "Құдс күштері мен шәһид Солеймани туралы дұшпанның сөздерін қайталайтындай сөйлемеуіміз керек",-деді.

Аятолла Хаменеи: "Ешбір елде сыртқы саясат СІМ-де айқындалмайды. Бүкіл әлемде жоғары басшылық сыртқы саясатты белгілейді. СІМ саясатты айқындауға атсалысады, бірақ ол тек орындаушы ғана",-деп еске салды.

Ислам революциясының жетекшісі, сондай-ақ: "Иранда да ұлттық қауіпсіздік туралы жоғары кеңес бар. Осы кеңес шешім қабылдайды. СІМ сол шешімдерді өз тәсілдерімен орындауы керек",-деп қуаттады.

Аятолла Хаменеи Иранда өтетін сайлау туралы: "Сайлау – сөздің шынайы мағынасында бір маңызды мұрсат. Адамдардың сайлауға деген қызығушылығын суытпауымыз керек",-деді.