Maм 06, 2021 14:49 Asia/Almaty
  • Иранда үшінші Қадір түні өтті

Иранның түкпір түкпірінде коронавирустың таралуына байланысты санитарлық ережелерді сақтай отырып, Қадір түнінің рәсімдері өткізілді.

Имамат пен велаятқа ғашықтар сәрсенбі күні кешке, Рамазан айының 23-ші түні мешіттер, текиелер, хұсейниелер, қасиетті мазарлар мен басқа да діни орындарда жиналып, сәресіне дейін Құран оқып, дұға жасап, Алланың есімдерін атады.

 

Рамазан айының 19, 21 және 23-ші түндері Қадір түндері саналады. Мұсылмандар сәресіне дейін ұйықтамай, Құран оқып, Құдайға жалбарынып, дұға жасайды.

 

Тегтер