Maм 08, 2021 21:18 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралуы өзіне байланысты

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралуының өзіне байланысты екеніне тоқталып: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы АҚШ қажетті саяси шешім қабылдаған кезде қайта жаңғырады»,- деді.

 

Саид Хатибзаде әлеуметтік желіде: «АВС-ге берген сұхбатымда АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына  оралуының 100% АҚШ-тың өзіне байланысты екенін түсіндірдім. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы АҚШ қажетті саяси шешім қабылдаған және саудаласудың 2015 жылдың шілдесінде, АҚШ аталмыш келісімге қол қойған кезде аяқталғанын түсінген кезде қайта жаңғыра алады»,- деп жазды.

Тегтер