Maм 09, 2021 17:27 Asia/Almaty

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Барлық санкцияларды жоюды көздеп отырмыз»,-деді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф жексенбі күні Мәжілістің ашық отырысында: «Ислам революциясының жетекшісі белгілеген саясаттар аясында барлық санкцияларды іс жүзінде тез арада толық жоюды көздеп отырмыз»,-деді.

Қалибаф: «Барлық санкциялар толық жойылып, олардың экономикалық әсерлері іс жүзінде расталған жағдайда Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында қабылдаған міндеттемелеріне келісуді бір сағат та кешіктіруге болмайды»,-деді.

Қалибаф: «Сардар Қасым Солеймани аймақта майдан күші мен дипломатия күшін біріктіру арқылы дұшпандардың қастандығын залалсыздандырды. Соның арқасында дипломатияның қуаты артты»,-деді.

Тегтер