Maм 12, 2021 15:43 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Сионистер күштен басқа ештеңе түсінбейді

Ислам революциясының жетекшісі сейсенбі күні студенттік ұйымдардың өкілдерімен өткізген бейне кездесуінде: «Палестиналықтар өз күші мен қарсылығын арттырып, қылмыскерлерді берілуге​​ және үрейлі әрекеттерін тоқтатуға мәжбүр етулері керек»,- деді.

 

 

Аятолла Хаменеи бұл кездесуде ислам әлеміндегі, яғни Ауғанстан мен Палестинадағы соңғы қанды әрі өте қайғылы оқиғалараға өкініш білдіріп және оларды айыптап: «Ауғанстандағы жазықсыз мазлұм қыздарды өлтіргендерге Алланың лағнеті тиеді»,- деді. Аятолла Хаменеи сондай-ақ  сионистердің әл-Ақса мешіті, қасиетті Құдс және Палестинаның басқа аймақтарындағы қатыгез қылмыстарына тоқталып: «Бұл қылмыстар әлемнің көз алдында іске асырылуда.   Оны айыптау арқылы әркім өз міндетін атқаруы керек»,- деп қуаттады. Ислам революциясының жетекшісі Палестина халқының табандылығын мадақтап: «Сионистер күштен басқа ештеңе түсінбейді. Сондықтан палестиналықтар өз күші мен қарсылығын арттырып,  қылмыскерлерді берілуге​​ және үрейлі әрекеттерін тоқтатуға мәжбүр етулері керек»,- деді.

 

Тегтер