Maм 15, 2021 15:18 Asia/Almaty

Иранның әйгілі ақыны Әбілқасым Фирдоуси 940 жылы Разави Хорасан облысының орталығы Мешһеке жақын Тус қаласында дүниеге келді.

Iran Press жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, парсы тілі мен Фирдоусидің «Шахнамасы» ғасырлар бойы бір-бірімен ұзақ және ажырамас байланыста болған.   Сондықтан Әбілқасым Фирдоусиді парсы тілінің жандандырушысы деп атауға болады және осы ұлы ақынның құнды шығармасы, атап айтқанда «Шахнамені» ирандық болмыстың құжаты деп атауға болады. 50 000-ға жуық бәйіті бар Фердоусидің «Шахнамасы» - ұлттық хикаялар мен ежелгі патшалар мен Иранның ұлы батырларының тарихы. Бұл шығармада олардың ерліктері, жеңістері, батылдығы және діндарлығы көрсетілді.

Бүгін (сенбі), Иран күнтізбесінде Ордибехешт айының 25 -   бұл елдің ұлы ақыны Әбілқасым Фирдоусиді еске алу күні.