Маусым 04, 2021 18:12 Asia/Almaty
  • Жетекшінің көзқарасы: Ислам республикасының тұрақты болуының құпиясын түсіндіру

Ислам революциясының жетекішсі: «Имам Хомейнидің ең маңызды бастамасы - Ислам республикасы деп атанған жүйесі және бұл Иран халқының ерік-жігері мен имам Хомейнидің басшылығымен ресми қалыптасқан діни демократияның өзі болды»,- деді.

 

Аятолла Хаменеи  бүгін, жұма күні имам Хомейнидің қайтыс болан күніне байланысты сөйлеген сөзінде: «Ислам республикасының тұрақты болуының құрметті құпиясы - «республика» және «ислам» деген екі сөз»,- деп баса айтты. Иранда Ислам республикасы құрылған кезде Ислам революциясының дұшпандары мен қаскөйлер Ислам респубикасы жүйесінің тез арада құлдырайтыны туралы болжаулар айтты. Бірақ бұл жүйе әртүрлі салаларда көптеген жетістіктерге жетіп, өзінің 43 жылын өткізуде. Халықтың әртүрлі саяси сахналарға, әсіресе өткен 42 жылдағы сайлауларға үнемі қатысуы - Ислам республикасының тұрақтылығы мен дұшпандардың қастандықтарын заласыздандырудың тамыры. Халықтың қолдауы мен оның рөлімен санасу және Ислам дініне сүйені Ислам революциясын әлемдегі басқа революциялардан өзгеше етті. Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, «Әлемдегі кейбір төңкерістердің басы қызықтырарлық басталып, соңы улы болды».

ИИР өткен қырық жылдан астам уақытта әртүрлі қиындықтар, кедергілер және дағдарыстармен бетпе-бет келгеніне қарамастан саяси, қорғаныс, қауіпсіздік, экономика және басқа салаларда жақсы жетістіктерге қол жеткізді.  Бұл даму үдеріс халық, әсіресе жастар қатысқан және Ислам дінің шешімдерінің негізі ретінде қабылдаған кез келген салада қиындықтардың, әсіресе экономикалық мәселелердің шешілгенін көрсетеді. Бүгінде, жаһандық санкциялар мен саяси қысымдардың шарықтау кезеңінде Ислам республикасы халықтың, әсіресе белсенді жастардың ғылым мен медицина, заманауи технологиялар, ғарыш ғылымдары және ең бастысы ирандық коронавирус вакциналарын шығару саласындағы маңызды рөліне сенім арту арқылы бетпе-бет келген кедергілерді жеңіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Осы кезде Ислам революциясының тарихындағы тағдырды шешетін тағы бір кезең келді және ол Президенттік сайлау.     Халықтың президенттік сайлауға жаппай қатысуы Ислам республикасының тұрақты болу құпиясының тамырларын тереңдетеді.  Халық -  Ислам республикасы жүйесінің  өмірін жалғастыруының демеушісі.   Діни демократия жүйесінде  адамдар елдің маңызды істерінде тікелей және жанама рөл атқарады. Халықтың президенттік сайлауға жаппай қатысуы және дұрыс таңдау Ислам республикасының келешегіне маңызды ықпалын тигізеді. Ең бастысы, мұқият таңдау арқылы адамдардың әсіресе экономикалық салада проблемалары шешіледі. Бүгінгі күні экономикалық мәселелерді, оның ішінде инфляцияны және қымбатшылықты шешу - халықтың басымдықты талаптарының бірі.

 

Тегтер