Маусым 11, 2021 18:10 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Иранда бір тәулікте 124 адам көз жұмды

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте елде COVID-19-дан 124 адамның көз жұмғанын және жалпы құрбандар санының 81796 адамға жеткенін хабарлады.

Иран Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен тәулікте елде Covid-19 жұқтырған тағы 9966 адам анықталды. Олардың 1327-сі ауруханаларға жатқызылды»,-деді.

Әлемде осы күнге дейін 175 млн-нан аса адам коронавирусқа шалдығып, 3 млн 789 мыңнан аса адам індеттен көз жұмды.  

Тегтер