Маусым 12, 2021 19:37 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі сенбі күні елде COVID-19-дан 115 адамның көз жұмғанын және жалпы құрбандар санының 81911 адамға жеткенін хабарлады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран Денсаулық сақтау министрлігі сенбі күні: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен тәулікте елде Covid-19 жұқтырған тағы 74040 адам анықталды. Сөйтіп бұл індетті жұқтырғандардың жалпы саны елде 3020522 жетті. Сондай-ақ осы күнге дейін 2640281 науқас жазылып, ауруханалардан шықты»,- деді. Иран Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде 21435900 адамға COVID-19 анықтау тест жасалды.

 

Тегтер