Маусым 13, 2021 16:00 Asia/Almaty
  • Қазақстанда тұратын ирандықтар президенттік сайлауға қатысады

Қазақстанда тұратын ирандықтар алғаш рет Ақтау қаласында он үшінші президенттік сайлауға қатысып, дауыс беруге мүмкіндік алады.

ИИР-ның Ақтау қаласындағы бас консулы Хатибулла Малакутифар: "Біз үшін басты мəселе - президенттік сайлауға қатысу. Біздің ойымызша, сайлауға қатысу - Отанын сүйетін əрбір ирандық үшін қажетті іс. Сол себепті консулдықта дауыс беру учаскесін ашуға жағдай жасалды",-деді. 

Ақтау қаласындағы Иранның бас консулының айтуынша, осы қаладағы консулдық қызметкерлері мен олардың жанұя мүшелерімен қоса, Қазақстанның Маңғыстау облысында тегі ирандық-қазақ болып табылатын шамамен 3500 адам бар. 

Малакутифар: "Олардың кейбіреулері Қазақстанның азаматтығын алмай, Иранның азаматтығын сақтап қалды. Олар тек Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алған, сондықтан Ирандағы сайлауда дауыс бере алады",-деп еске салды.

Жалпы Қазақстанда ирандық саудагерлердің саны артып келеді.

2021 жылы 18 маусымда Иранда он үшінші президенттік сайлау өтеді. 

Тегтер