Маусым 13, 2021 16:32 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирустан 187 адамның көз жұмғанын хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирустан 187 адамның көз жұмып, жалпы құрбандар санының 82098 адамға жеткенін хабарлады. 

Өткен тәулікте COVID-19 жұқтырған тағы 8195 адам анықталды. 

Иранның коронавируспен күрес ұлттық штабы: "Тиімділігі расталып, тиісті рұқсат берілген жағдайда келесі аптада халыққа жергілікті вакцина егіле бастайды",-деп хабарлады. 

Раиси: "Жергілікті мамандар коронавирусқа қарсы вакцина жасауда жақсы əрекет етті. Қазір отандық вакцина клиникалық сынақтың түрлі фазасынан өтіп жатыр",-деді. 

Тегтер