Маусым 14, 2021 16:40 Asia/Almaty

Керманшаһ облысындағы Далаһу қаласы Иранның ұлттық танбур қаласы ретінде елдің Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрлігі тарапынан ұлттық тізімге тіркелген. Далаһу ауданының халқы әдетте танбур жасау және тартумен айналысады. Жергілікті халық бұл музыкалық аспапты ұлттық және діни рәсімдер кезінде қолданады. Танбур жасауда қолданылатын ең жақсы материал – қара тұт ағашы. Мұндай ағаш сирек кездеседі. Сапалы ағаш табу өте қиын.