Маусым 14, 2021 17:11 Asia/Almaty

Иран Президенті: "Иран Қарулы күштерінің қуаты тек тежеу мен қорғануға бағытталған. Иран – өзі мен көршілес елдер үшін аймақтық қауіпсіздікті кепілдендіріп отырған алпауыт ел",-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани Иран Қорғаныс министрлігінің ұлттық жобаларын іске қосу рәсімінде: "Осы аралықта су жаңа әуе-қорғаныс қарулары жасалып, елдің зымырандық қуаты бұрыннан да нығая түсті. Осы аралықта теңіз күштеріне қажетті әскери кемелер, сүңгуір қайықтар мен зымырандар саласында көптеген жетістікке жеттік. Қанатты теңіз зымыранының ұшу ұзақтығы 300 км-ден 1000 км-ге жеткізілді. Бүгінде елдің Қарулы күштері мықты қарым-қабілетке ие болып отыр",-деді.

Иран Президенті әуе күштерінің "Коусар" қырғи ұшағы, ұшақ моторы және сауытты көліктер жасау саласындағы қабілетіне тоқталып: "Қазіргі таңда ИИР армиясы мен Ислам революциясының Сақшылар корпусы өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жетті. Иран үкіметі мен Қорғаныс министрлігінің күш-қабілетінің арқасында қазір біз шетелге жалтақтамай-ақ өз елімізді қорғай аламыз",-деді.