Маусым 14, 2021 17:34 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары Иранның зымырандық бағдарламасына шектеу қоймайды",-деді.

Саид Хатибзаде дүйсенбі күні апталық баспасөз отырысында Iran Press ақпарат агенттігінің G7 тобы басшыларының Иранның зымырандық бағдарламасына қарсы мәлімдесі туралы сұрағына жауабында: "Баллистикалық зымырандар мен ядролық оқтұмсықтар жасау Иранның бағдарламасында жоқ. Осындай қате түсініктер уәж айтушылардың беделінің түсуіне себеп болады. Сондықтан G7 тобына мүше елдер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындағаны дұрыс",-деді.

Хатибзаде Ирандағы президенттік сайлаудың Вена келіссөздеріне әсері туралы: "Венада болып жатқан үдерістің Ирандағы сайлау мен ішкі өзгерістерге қатысы жоқ. Осы мәселелер жайлы саяси шешімдер астаналарда қабылдануы тиіс. Егер қабылданса, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қайта оралу мүмкін болмақ",-деді.

Хатибзаде, сондай-ақ, Иран СІМ-нің он үшінші президенттік сайлауды өткізуге дайын екенін айтып, шет елдерде дауыс бере алатын ирандықтар санын 3,5 млн адам деп жариялады.

Тегтер