Маусым 16, 2021 14:46 Asia/Almaty
  • Ирандағы президенттік сайлауға 500 шетелдік журналист қатысады

ИИР-ның Баспасөз және ақпарат министрінің орынбасары Ирандағы президенттік сайлауға 500 шетелдік журналистің қатысатынын хабарлады.

 

Mizan жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Хадади: «Коронавирустың таралуына байланысты қойылған шектеулерге  қарамастан, 226 халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының 500-ден астам шетелдік журналисті Иранның  президенттік сайлауы туралы ақпарат таратады. Бұл бұқаралық ақпарат құралдары әлемнің 39 елінен келді және олардың келуі мен жұмысы үшін қажет шаралар қамтамасыз етілді.  Иран сайлауы туралы ақпарат тарататын шетелдік журналистер АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Бахрейн, Бельгия, Түркия, Норвегия, Швеция және Дания, Қытай, Ресей, Жапония, Швейцария, Франция және Германия сияқты түрлі елдерден келген",- деді.

 

Тегтер