Маусым 16, 2021 18:58 Asia/Almaty
  • Иранның адам құқығы жөніндегі штабы: Американдық демократияның жетістігі талаң-тараждан басқа ештеңе емес.

Иранның Сот билігі Адам құқықтары жөніндегі штабы АҚШ Президенті Джо Байденнің сөздеріне реакция білдіріп, Twitter-де: «Американдық демократияның жетістігі талаң-тараждан басқа ештеңе емес»,- деп жазды.

 

IRNA-ның сәрсенбі күнгі мәліметінше, бұл твитте американдық демократия туралы: «Ирак, Ливия, Ауғанстан және басқа да көптеген елдер үшін американдық демократия төңкерістер, сенімсіздікті күшейту, хаос, есірткі өсіру және азаматтық қақтығыстар болды»,- деп айтылды.

Иран Сот билігінің адам құқықтары жөніндегі штабы осы твитті Джо Байденнің жақында жариялаған твитіне жауап ретінде жариялады. Байден осыдан бұрын: «Демократия инфрақұрылымы күшті болып,  адамдар еркін, әділ және оңай дауыс беру құқығына ие болған, баспасөз еркін және тәуелсіз түрде шындықты іздеңіп,   заң адамның кім болғанына қарамастан бәріне бірдей қолданылған жағдайда дамиды»,- деп жазды.