Маусым 16, 2021 19:14 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық бөлімі өткен тәулікте коронавирустан 129 адамның көз жұмып, жалпы құрбандар санының 82480 адамға жеткенін хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық бөлімі: "Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен тәулікте COVID-19 жұқтырған тағы 10487 адам анықталды. Олардың 1315-сі ауруханаларға жатқызылды. Елде жалпы індет жұқтырғандар саны 3060135 адамға жетті. Осы күнге дейін 2696432 науқас жазылып, ауруханалардан шығарылды",- деп мәлімдеді.