Маусым 22, 2021 17:43 Asia/Almaty
  • Иран сайлауы кезінде үш лаңкестік топ жойылды

Сақшылар корпусының құрлық күштері қолбасшысы Бригада генералы Мохаммад Пакпур барлық шекаралардың қауіпсіздікпен қатмасыз етілуін хабарлап: «Сайлау кезінде жаудың арнайы жоспарлары болды және олар террористік актілерді жүзеге асырмақ болды, бірақ Сақшылар корпусының қатаң реакциясымен бетпе-бет келді»,- деді.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, сардар Пакпур: «Сайлауға дейін соңғы 10 күнде Сақшылар корпусы құрлық күштері елдің солтүстік-батысында террористік үш топты анықтап, залалсыздандырды»,- деп мәлімдеді. Ол Ошнуе мен Бане аймақтарында екі террористік топ пен контрреволюциялық элементтердің жойылғандығына тоқталып: «Сарвабад аймағында шекарадан өткен террористік топ та жойылды», - деді.