Маусым 25, 2021 17:53 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі бүгін (жұма) таңертең «Coviran Barakat» вакцинасының алғашқы дозасын алып: «Біз осы ұлттық жетістікті (ирандық вакцинаның шығарылуын) мақтан тұтуымыз керек»,- деді.

 

Ислам революциясының жетекшісі бүгін (жұма) таңертең «Coviran Barakat» вакцинасының алғашқы дозасын алып: «Біз осы ұлттық  жетістікті (ирандық вакцинаның шығарылуын)  мақтан тұтуымыз керек»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі аятоллла Хаменеи Иранның «Coviran Barakat» вакцинасымен егілген соң білімімен, тәжірибесімен және ғылыми-практикалық күш-жігерімен осы ұлттық құрметке себеп болған барлық адамдарға алғысын білдіріп: «Мен шетелдік вакцинаны қолданғым келмеді, сондықтан ирандық вакцинаны күтемін дедім. Өйткені ұлттық мақтанышты құрметтеуіміз керек. Елдің өзінде алдын алу және емдеу мүмкіндік болған кезде, неге оны қолданбасқа?»- деп мәлімдеді.

«Coviran Barakat» вакцинасы – пайдалану лицензиясын алған вакцина, ол ирандық жас зерттеушілер мен ғалымдардың күш-жігерінің нәтижесі. Аталмыш вакцинаны қолдануға лицензия алуымен Иран әлемдегі коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын алты елдің қатарына қосылды.