Маусым 28, 2021 18:17 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі: «Иран халқы коронавирустың таралуы мен экономикалық қиындықтарға қарамастан сайлаудың негізгі жеімпазы болып, Иранның дұшпандары мен оларға тәуелділерді сәтсіздікке ұшыратты»,- деді.

 

 

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Сот билігі аптасына байланысты Иранның Жоғары соты және Сот билігінің басқа жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесуінде американдық, британдық және кейбір басқа елдердің ақпарат құралдарының мыңдаған үгіт-насихаттары және адамдарды сайлауға қатысудан бас тарту үшін бірқатар сатқын ирандық элементтерді пайдалану әлемде бұрын-соңды болмаған  деп тауып: «Олар  кейбір, мысалы, өмір сүру проблемалары немесе  олардың біліктілігі бар ма әлде жоқ па деген мәселелерге үміттенген»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі коронавирус және статитстика бойынша оның халықтың сайлауға қатысуына шамамен 10 пайыз әсері туралы тоқталып: «Бұл бүкіл мәселелерге қарамастан халық сайлаудың алғашқы сағатынан сапқа тұрып, санкциялар енгізушілер, қарсыластар мен дұшпандарға қатаң жауап берді»,- деп баса айтты. Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тағы сайлау бәскелестігін және үміткерлердің бір-бірін балағаттауларын еске салып: «Американдықтар жақсы үлгі бола алмайды. Саяси мәселелерде американдықтар мен Трамптың тіл тигізулері мен жала жабуларын үлгі тұтпай адамгершілік пен діни негіздер сөйлеу керек»,- деп мәлімдеді. Аятолла Хаменеи американдық шенеуніктің Иран сайлауы туралы ескертулеріне сілтеме жасай отырып: «АҚШ сайлауы бүкіл әлем алдында жанжал болды, енді бірнеше айдан кейін дәл сол арамдар Иран сайлауынан кемшілік іздеуде. Негізінде олар жанжал сайлаударынан кейін бір ауыз сөз айтпауы керек»,- деді. 

Аятолла Хаменеи аятолла Бехешти мен басқа 70-ке жуық белгілі тұлғаның мұнафеқиндердің  ауыр қылмысынан қаза тапқандарына  сілтеме жасап: «Бұл кісі өлтірушілер бұл үлкен қылмысты ашық түрде мойындады. Бірақ бүгінде олар Францияның және басқа да адам құқығы қорғаушылардың қолдауымен еркін әрекеттенуде. Адам  батыстықтардың адам құқықтары туралы жар салуына және террористерді қолдауына таңырқайды»,- деді.