Маусым 28, 2021 21:20 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы тағдырды анықтау жол айырығында

Осы уақытқа дейін Австрияның астанасы Венада «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жаңдандыру мақсатында 4+1 тобының алты кезеңі өткізілді.

Бұл келіссөздер көптеген жағдайларда дауларды шешуге себеп болды. Дегенмен, келіссөздерде жеткілікті деңгейде қарастырылған  мәселелер әлі де бар, олар елдердің шешімдеріне байланысты.        Қазір «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланысты «2015 жылдың шілдесінде қол қойылған келісімнің  тағдыры қайда аяқталады?» деген сұрақ туындайды.

Иранның Сыртқы істер министрлігінің саяси орынбасары әрі Иранның Венадағы келіссөздер делегациясын басқаратын  Сейед Аббас Арақчи жексенбі күні Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің мүшелерімен кездесуден кейін Венада жеткілікті келіссөздер өткеніне тоқталып: «Енді «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыру турлы шешім қабылдау кезек  қарсы тараптарда»,- деді. Қазіргі жағдайда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу келіссөзге қатысушы екі тараптың да мүдделерін қамтамасыз ететін іс-әрекетті қажет ететіні сөзсіз. АҚШ келіссөздер дертіне айналған ұпай жинап, уақытты босқа өткізіп жатқан саясатты жүргізуде. Халықаралық мәселелр саласындағы заңгер Реза Насри: «Басты мәселе – «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының қарсыластары мен олардың Вашингтондағы ықпалды лоббилерінің кедергі жасаулары. Олар Трамп кезінде «террористік санкциялар» деп аталған ядролық санкцияларды алып тасатуға жол бермеуді жоспарлап отыр.  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуына қарамастан   Бұл Трамп билігі кезінде АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуына қарамастан келесі үкіметтің жұмысын қиындатуда»,- деді.

Ислам революциясы жетекшісі атап өткендей: «АҚШ барлық санкцияларды ауызша немесе қағаз жүзінде емес, іс жүзінде алып тастаған кезде Иран өз міндеттемелеріне оралады және бұл санкциялардың жойылуы Иранмен расталады».

 

Тегтер