Шіл 08, 2021 15:31 Asia/Almaty
  • Раиси: Кең ауқымды экономикалық өзара іс-қимыл және ұжымдық қауіпсіздік – Иран мен Үндістан қатынастарының басымдықтары

Иранның сайланған президенті аймақтағы елдердің, оның ішінде Иран мен Үндістан екі маңызды аймақтық ойыншы ретінде қатысуымен ұжымдық қауіпсіздік орнату және кең экономикалық өзара әрекеттесу екі ел арасындағы қатынастардың маңызды басымдықтарының бірі болып табылатынын қуаттады.

Fars News агенттігінің хабарлауынша, Сейед Ибрахим Раиси  Үндістанның Сыртқы істер министрі Субраманиам Джайшанкармен кеше, сәрсенбі күнгі кездесуінен кейін: «Екі ел арасындағы қатынастардың, әсіресе экономикалық саладағы тұрақтылығы қатынастарды Теһран-Дели мүдделеріне сай реттеуге байланысты»,- деді. Раиси сондай-ақ Иранның Ауғанстандағы тұрақтылық, қауіпсіздік пен тыныштықты қолдайтынын мәлімдеді.

Үндістан Сыртқы істер министрі де Ауғанстандағы қазіргі жағдайдың өте ауыр екеніне тоқталып: «Ауғанстанның көршілері бұл елдің мәселелерін шешу үшін ынтымақтастық етуі керек»,- деді.

 

Тегтер