Шіл 12, 2021 17:37 Asia/Almaty

Заяндеруд - тарихи Исфахан қаласының көркі. Бұл өзеннің ағынымен туристік және тарихи қаланың әсемдігі екі есе артады. Iran Press жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Заяндеруд судың жетіспеуі мен жаңбырдың аз болуының салдарынан бір жылдай құрғақ болған. Бірақ жексенбі кештен бастап бұл өзендегі су қайтадан ағып, Исфахан тұрғындары мен туристерінің қуанышына себеп болды.