Шіл 18, 2021 14:32 Asia/Almaty

Сенбі күні кешке Теһранның Аббасабад туристік ауданында Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі сейіт Аббас Салехи мен Теһранның әкімі Пируз Хеначидің қатысуымен Ирандық өнер түрлерінің мамандандырылған орталығында «Өнер бағы» сарайын ашу салтанаты өтті.

«Өнер бағы» сарайы 5 мың шаршы метр ауданды алып жатыр. Онда 300 орындық конференц-залдар, 480 шаршы метрлік галерея мен «Өнер аспаны» күмбезі бар.