Шіл 19, 2021 17:44 Asia/Almaty

19/07/2021 Хазірет аятолла Хаменеи қажылыққа қатысты жолдауында Құдайдың үйіне баруға құштар жүректер сағынышының жалғаса түсуін өткінші сынақ деп атап, қажылық жолдауларының солғындамауы қажеттігін айтып, басқыншы алпауыттар, әсіресе АҚШ-қа табанды қарсы тұруды осындай биік жолдаулардың бірі деп атады.

Аятолла Хаменеи ислам әлеміндегі қиындықтар мен түйткілдерге тоқталып, Палестина, Йемен мен Иракта исламдық ояну орын алып, қарсыласу күштерінің бас көтеруін ислам аймағындағы үміт сыйлар жағдай деп атап: «Алланың шынайы уәдесі бойынша мұджахедтер жеңіске жетеді. Мұджахедтер талпынысының бастапқы әсері АҚШ пен басқа да зорлықшыл елдерді исламдық елдердің ісіне араласып, зұлымдық жасаудан тежеу болды»,-деп қуаттады.

Ислам революциясы жетекшісінің жолдауы төмендегідей:

Алланың атымен бастаймын!

بسم‌اللّه‌الرّحمن‌الرّحیم

و الحمد للّه ربّ العالمین و صلّی اللّه علی محمّد و آله الطّاهرین و صحبه المنتجبین و مَن تَبِعهم بِاحسان الی یوم الدّین.

Әлемнің түкпір‑түкпіріндегі мұсылман бауырлар мен қарындастар!

Биыл да ислам үмбеті қажылыққа бару нығметінен мақрұм қалды. Өкінішке қарай, құштар жүректер хакім де рақымды Алланың халық үшін салған қадірлі үйіне бару мүмкіндігінен айырылды.

Қажылықтың рухани қуаныш сыйлайтын маусымы айырылысу мен сағыну маусымына айналғанына екі жыл болды. Жаппай жайылған індет, одан бөлек қасиетті кесенеге билік жүргізетіндердің қисық саясаты мүміндердің құштар жанарын ислам үмбетінің бірлігі, салтанаты пен руханияты символын көруден  мақрұм қалдырды.  Сөйтіп, бұл асқақ шыңды бұлт пен шаң басып қалды.

Бұл сынақ ислам үмбеті тарихындағы басқа сынақтар сияқты жарқын болашақ сыйлай алады. Маңыздысы, қажылық шынайы қалыпта әрбір мұсылманның жаны мен жүрегінде тірі сақталуы тиіс. Қазір қажылық рәсімдері уақытша өткізілмей жатқанымен, оның жолдауы солғындамауы тиіс.

Қажылық – құпияға толы ғибадат. Қозғалыс пен іркілістің әдемі үйлесімі мұсылман адам мен ислам қоғамының болмысын қалыптастырады және әлемге оның әдемілігі мен тартымдылғын көрсетеді. Бір жағынан әрбір құлшылық жасаушының жүрегі зікір айту, бой ұсыну мен жалбарыну арқылы рухани тұрғыдан биіктеп, Құдайға жақындай түседі. Басқа жағынан үйлесімді әрекет пен бірдей ізденістің арқасында әлемнің түкпір‑түкпірінен келген бауырларды бір-бірімен байланыстырады. Үшінші жағынан ислам үмбетінің ең жоғары символын мағыналы сырға толы рәсімдерімен әлем жұртшылығына көрсетіп, жамандық тілеушілерге үмбеттің бірлігі мен салтанатын паш етеді.

Биыл Құдай үйіне қажылыққа бару қолжетімсіз болып тұр. Бірақ Құдай үйіне көңіл аудару, зікір айту, бой ұсыну мен жалбарыну және истиғфар ету қолжетімді. Арафада болу мүмкін емес, бірақ Арафа күні дұға мен мінәжат айтуға болады. Мина даласында шайтанды қуу мүмкін емес, әлемнің түкпір‑түкпірінде билікқұмар шайтандарды қуып, көзін құртуға болады. Мұсылмандар Қағбаның айналасына біртұтас денедей жинала алмайды, бірақ Құранның нұрлы аяттарының айналасына жүректердің тұтаса үйіріліп, Алланың жібіне жалғануы – әрдайымғы міндет. Бүгінде орасан зор жамағат, ауқымды жер, сансыз табиғи байлық пен көкірек көзі ояу халықтарға ие ислам үмбеті қолда бар әлеуеттермен өз болашағын жасауы керек. Мұсылман халықтар соңғы 150 жылда өз елдерінің тағдырында ешқандай рөл ойнамады. Тек кейбір санаулы жайттар болмаса,  ислам елдері Батыстың басқыншы үкіметтерінің саясатымен басқарылып, ашкөздік, ішкі іске араласу және зұлымдыққа ұшырады. Көптеген елдердің бүгінгі саяси тәуелділігі мен ғылыми артта қалуы – сол әрекетсіздік пен өз-өзін қамтамасыз етпеудің салдары. Біздің халықтарымыз, жастарымыз, ғалымдарымыз, діни үлемдер мен азаматтық ағартушылар, саясаткерлер, партиялар мен түрлі қоғамдар бүгінде әлгі сорақы тарих пен масқара тағдырдың есесін қайтаруы керек. Батыс алпауыттардың зорлық-зомбылығы, ішкі іске араласуы мен зұлымдығына табанды түрде қарсы тұруы тиіс.

Үстемшілдерді алаңдатып, ашуландырған ИИР осындай қарсыласуға шақырады: АҚШ пен басқа да басқыншы күштердің ішкі іске араласуы мен зұлымдығына қарсы тұрып, исламдық тағылымдарға сүйеніп, ислам дүниесінің болашағын қолға алу.

Жалпы АҚШ пен оның одақтастары «қарсыласу» деген атауға тіксіне қарап, исламдық қарсыласу қозғалысымен жауласуға бел байлады. Аймақтағы кейбір елдердің оларға жақтасуы зұлымдықтың жалғаса түсуіндегі ащы шындық болып отыр.

Қажылық рәсімдер – Қағбаны айналу, Арафа мен Джамарат рәсімдері бізге көрсететін тура жол – Құдайға тәуекел ету, Алланың шексіз құдіретіне сену, ұлттық сенім қалыптастыру, талпынысқа сену, қозғалуға шынайы талпыныс жасау және жеңіске үміттену.

Ислам аймағындағы жағдай бұл үмітті арттырып, ерік-жігерді нығайта түседі.  Бір жағынан ислам әлеміндегі келеңсіздіктер, ғылыми артта қалушылық, саяси тәуелділік, әлеуметтік және экономикалық толқулар  бізді ұлы міндетті атқарып, тынбас талпынысты бастауға итермелеуде. Басып алынған Палестина бізден көмек сұрап отыр. Қанға бөккен Йемен жүректі ауыртты. Ауғанстанның қиыншылықтары  баршаны алаңдатады. Ирак, Сирия, Ливан мен кейбір мұсылман елдерде АҚШ пен оның одақтастарының араласуымен  болып жатқан ащы оқиғалар жастардың намысына тиіп отыр. Басқа жағынан осы көкейкесті аймақта қарсыласу күштерінің бас көтеруі, халықтардың оянуы, жастардың ынта-жігерінің артуы жүректерді үмітке толтырады. Палестина барлық салаларда «Құдс семсерін» қынабынан шығарды. Құдс, Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауы, 1948 жылы басып алынған жерлер мен қосындардың барлығы көтеріледі. 12 күннің ішінде басқыншының мұрны жер сызады. Қоршауға алынған Йемен дұшпанның 7 жылдық соғысы, қылмысы, кісі өлтіруі мен зұлымдығына төтеп беріп келеді. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығы және тұрмыстық қиыншылықтарға қарамастан, Йемен зорлықшылдарға тізе бүкпейді. Олардан асқақ рухпен басым түседі. Иракта қарсыласу күштері жетік тілмен басқыншы АҚШ пен оған жалданған ДАИШ-ты кері шегіндіреді. АҚШ пен оның жақтастары тарапынан жасалатын кез келген зұлымдық пен ішкі іске араласушылыққа табанды түрде төтеп беретінін ашық түрде айтады.

Америкалықтардың Ирак, Сирия, Ливан мен басқа елдерде қайратты жастар мен қарсыласу күштерінің ерік-жігерін мұқалтуға күш салып, оны Иран мен басқа инстанцияға жауып, ержүрек жастарға тіл тигізуі – олардың аймақ халықтарын дұрыс түсінбейтінін білдіреді.

Осы қате түсінік АҚШ-тың Ауғанстанда масқаралануына себеп болды. Ол 20 жыл бойы Ауғанстанда әскер ұстап, қорғансыз бейбіт халыққа оқ жаудырып, оларды бомбалау арқылы өзін ми батпаққа батырып, өз әскерилері мен құрал-жабдықтарын алып шығуға мәжбүр болды. Әрине Ауғанстанның ояу халқы АҚШ-тың елдегі барлау қызметтері мен жұмсақ соғыс қаруларына абай болып, қырағылықпен әрекет етуі керек.

Аймақ халықтары ояу әрі қырағы екенін көрсетті.  Олардың жолы АҚШ-ты риза қылу үшін тіпті оның Палестинаға қатысты талап-тілегін орындауға көнген кейбір үкіметтердің жолынан бөлек. Сионистік режиммен ашық та жасырын түрде достық қарым-қатынас орнатқан үкіметтер Палестина халқының құқығын олардың тарихи отанында теріске шығарып отыр. Бұл – палестиналықтардың капиталына қол сұғу. Олар өз елдерінің табиғи байлығын талан-таражға салуды қанағат тұтпай, енді Палестина халқының капиталын тонап жатыр.

Бауырлар мен қарындастар!

Біздің аймағымызда орын алып жатқан түрлі оқиғалар – дәрістер мен ғибраттардың көрмесі.   Бір жағынан басқыншы зорлықшыға қарсы тұру мен  талпынудан туындайтын күш-қуат, ал екінші жағынан  ол таңған нәрселерге көніп, әлсіздік танытып, тізе бүгуден туындаған қорлық айқын көрінеді.

Алланың шынайы уәдесі бойынша, Алла жолындағы мұджахедтер жеңіcке жетеді. اِن تَنصُرُوا اللَّهَ یَنصُرکُم وَ یُثَبِّت اَقدامَکُم.

Осы талпыныстың алғашқы әсері – АҚШ пен басқа да халықаралық зорлықшыларды ислам елдерінің ішкі ісіне араласу мен зұлымдық жасаудан тежеу. Иншалла. Алла тағаладан мұсылман халықтардың жеңіске жетуін сұраймын. Имам Хомейни мен шәһидтердің рухына сәлем жолдап, Жаратушыдан олардың дәрежелерінің көтерілуін сұраймын.    

والسّلام علی عباد اللّه الصّالحین

Сейед Әли Хаменеи

17/07/2021

Тегтер