Шіл 20, 2021 19:24 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі сейсенбі күні: «Өткен тәулікте коронавирустың салдарынан 250 адам көз жұмды. Жалпы осы күнге дейін құрбан болғандар саны 87624 адамға жетті»,- деді.

 

Iran Press ақпарат агентігінің мәліметінше, Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Нақты диагностикалық критерийлерге сәйкес, өткен тәулікте COVID-19 жұқтырған тағы 27444 адам анықталды. Жалпы індет жұқтырғандардың саны 3576148 адамға жетті. сондай-ақ осы күнге дейін 3168834 науқас жазылып, ауруханалардан шықты»,- деп хабарлады.

 

Тегтер