Шіл 22, 2021 18:57 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Хузистанның қиындықтарын шешіңіздер

Ислам революциясының жетекшісі жауапты тұлғалардан Иранның оңтүстік-батысындағы Хузистанның қиындықтарын шешуді сұрады.

Ислам революциясы жетекшісінің туындыларын сақтап, тарату кеңсесінің хабарлауынша, хазірет аятолла Хаменеи: «Жауапты басшылар Хузистанның қиындықтарын шешуге міндетті. Егер адам халықтың қамын ойласа, Хузистандағы қиын жағдайға бейжай қарай алмайды. Халықты ойлау – үкіметтердің жедел, кесімді әрі әрдайымғы міндеті»,-деп қуаттады.   

Биылғы құрғақшылық пен әдеттен тыс ыстық Хузистан облысын су тапшылығына ұшыратты. Барлық мемлекеттік және халықтық мекемелердің талпынысымен Карун бөгетінің есікшелерін ашу арқылы су тапшылығы мәселесі шешілуде.