Шіл 22, 2021 19:42 Asia/Almaty

Иран Президенті Гуре-Джаск мұнай тасымалдайтын құбыр желісін іске қосуды Иран өнеркәсібінің мақтаныштарының бірі деп атап: «Бұл жоба барлық қастандық жасаушылар, әсіресе АҚШ-қа мықты жауап болды»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хасан Рухани бейсенбі күні «Өндірістік серпіліс» деп аталатын ұлттық жобаларды ашуға қатысты 83-ші рәсімде Мұнай министрлігінің 3 облыс – Бушер, Хормозган және Фарс облыстарындағы жобаларын іске қосып, бұл күнді Иран халқы үшін тарихи маңызы зор күн деп атап: «Уақыт өте келе бұл мәселенің маңыздылығы халыққа айқындала түседі»,-деді.

Рухани: «Жобалардың ашылу рәсімі барлық қастандық жасаушылар, әсіресе АҚШ-қа мықты жауап болды. Мұнай – америкалықтардың санкциясына ұшыраған тауарлардың бірі. Әрине басқа да санкциялар бар»,-деді.

Иран Президенті: «АҚШ үкіметі екі салада бізбен соғысып келеді. Біріншісі – мұнай және мұнай экспорты. Екіншісі – тауарлармен қамтамасыз ету. Екеуі де әсерлі болды. АҚШ екеуіне де қатты сенім артты. Иран мұнай өнеркәсібінің алдын алу үшін мұнай тасымалдау жолдарын жапты. Экспортты нөлге жеткізгісі келді. Өздерінің айтуынша, сонда Иранда қажетті валютаға қол жеткізуге мүмкіндік болмайды. Ал негізі Иран 6 млн долларға дәрі-дәрмек алды»,-деді.