Шіл 23, 2021 15:16 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі коронавирусқа қарсы ирандық вакцинаның екінші дозасын қабылдады

Ислам революциясының жетекшісі бүгін, жұма күні түске дейін коронавирусқа қарсы COVIran Barakat ирандық вакцинасының екінші дозасын қабылдады.

Хазірет аятолла Хаменеи 2021 жылы 25 маусымда COVIran Barakat ирандық вакцинасының бірінші дозасын қабылдаған болатын.  

COVIran Barakat – жас ирандық зерттеушілер мен ғалымдардың талпынысының жемісі. Жергілікті білімге сүйене отырып жасалған бұл вакцина қолданысқа рұқсат алды.

Иран – әлемде коронавирусқа қарсы вакцина өндіретін алты елдің бірі.