Шіл 24, 2021 17:01 Asia/Almaty

Иран Президенті ұлттық өндірісті дамыту аясында Иран түпкір-түпкірінде Энергетика министрлігінің ұлттық жобаларын іске қосты.

Хасан Рухани сенбі күні бейне қатынас арқылы Бабол мен Баболсарға және шамамен 600 мың халқы бар 4 қала мен 57 ауылға су тазарту қондырғысы мен су құбырын ашу, Ардебильдегі Халхалға су жеткізу және суды тазарту қондырғысын орнату, Систан мен Белужистандағы Канарак ағынды тазарту қондырғысы, Чахармахал мен Бахтияридегі Хорех су тазарту қондырғысы, Фарс облысының Хаджиабадына (Заррин Дашт) су жеткізу, Фарс облысындағы Гайтер су қоймасының бөгетін атқару жұмыстарын аяқтау сондай-ақ бұл облыста 3 шағын электр станцияны, Бушер облсындағы Хаиз  және Аргун бөгеті және 9 облысты 30 МВт тоқпен қамты қабілетке ие  13  жаңартылатын электр станцияны іске қосу бұйрық берді. Бүгін президенттің бұйрығымен Бандар-Аббас қаласының канализациясын салу бойынша атқарушылық жұмыстар басталды.

Рухани отырыстың басында Энергетика министрінің Вице-президентпен және бір топ министрлерімен Хузестан облысына жасаған сапары және бұл сапарда облыстың  су проблемасын шешу және сумен қамтамасыз етуді жеделдету саласындағы қажетті шешімдердің қабылданғаны туралы есеп беріп: «Хузестан облысы мен бұл жердің құрметті халқы біздің бәріміз үшін өте маңызды және осы жердің халқы әрқашан исламдық Иранның қорғаушылары болған,- деді. 

Рухани соңғы күндері құрғақшылық пен жауын-шашынның азаюынан туындайтын қатты ыстық пен су тапшылығына байланысты облысы халқы үшін туындаған проблемаларға тоқталып: «Бақытымызға орай, қабылданған шаралар мен талпыныстың арқасында мәселенің бір бөлігі шешілді және Вице-президенттің және бірқатар үкімет министрлерінің облысқа баруымен және шұғыл әрі қажетті жағдай жасауымен, сондай-ақ діни жетекшінің қуаттауларымен қалған мәселелер шешіледі деп сенеміз»,- деп мәлімдеді.