Шіл 24, 2021 19:53 Asia/Almaty
  • Сардар Салами: Сақшылар корпусы қиындықтар толығымен шешілгенге дейін Хузестан халқымен бірге болады

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: «Хузестандағы су шиеленісі проблемасы толығымен шешілгенге дейін біз осы аймақтың тұрғындарымен біргеміз»,- деп қуаттады.

 

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Хусейн Салами бүгін, сенбі күні Иранның оңтүстік-батысындағы Хузестан облысындағы су күйзелісі бар ауылдарды аралау кезінде: «Хузестан маңызды және қасиетті және мәселені шешкенге дейін біз мұндағы адамдармен бірге боламыз. Ислам революциясының жетекшісінің «басшылар Хузестан проблемаларына шынайы көңіл бөлуі керек» деген нұсқауына сәйкес, біз бүгін осы жерге мәселелерін зерттеу және шешу үшін келдік»,- деді.

Ислам революциясы жетекшісі Аятолла Хаменеи жұма күні: «Егер   су мәселесі мен  кәріз жүйесіне қатысты бұрынғы кеңестер  назарға алынып, орындалғанда, қазіргідей жағдай қалыптаспас еді. Хузестанның халқы  қиын жағдайға тап болмай, наразылық білдірмейтін еді»,-деді.

 

Тегтер