Шіл 25, 2021 17:33 Asia/Almaty
  • Хузестандағы су дағдарысы: Бачелеттің Иранға қарсы саяси мәлімдемесі

Қуаңшылық бір табиғи құбылыс ретінде Иранның оңтүстік-батысындағы Хузестан облысын су тапшылығына ұшыратты.

Иранда қуаңшылық жуырда Еуропаға ауыр зиян тигізіп, жүздеген адамның көз жұмуына және жоғалып кетуіне әкеліп соқтырған су тасқынындай басқа табиғи құбылыстар сияқты халықтың, әсіресе ауыл тұрғындарының тіршілігіне теріс әсер етіп, халықтың шағым айтып, наразылық білдіруіне себеп болды.Иранға қарсы мәлімдемелер жасауға үйреніп қалған Батыс елдері бұл тақырыпты да Иранға қарсы жарнамалардың арқауына айналдырды. Осы аяда БҰҰ-ның Адам құқығы жоғары комиссары Мишель Бачелет мәлімдеме жасап, жалған айыптар тағып, Иранды адам құқығын бұзды деп айыптады.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы сенбі күні осы мәлімдемеге реакциясында елдің су көздерін басқару туралы біліксіз әрі қасақана назар білдірудің БҰҰ-ның Адам құқығы жоғары комиссарының құзыретіне жатпайтынын айтып: «Бұл мәлімдеме адам құқығына қатысты халықаралық қызметкердің сөзінен гөрі қасақана айтылған​ саяси мәлімдемеге ұқсайды»,-деп еске салды.

Бұл тақырыпта екі маңызды жайт бар. Біріншіден, халықтың талаптарына жауап беріп, қиындықтарды шешу қажеттігін қабылдау керек.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи өткен жұма күні Хузестан халқының қиыншылықтарына тоқталып, осы облыстың суы мен Ахваз қаласының кәріз жүйесі туралы бұған дейін айтылған көптеген кеңестерге құлақ аспағанына шағымданып, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің басшыларын Хузестан облысының​ мәселелері мен қиыншылықтарын шешуге міндеттеді.Қазіргі таңда түрлі ұйымдар мен мекемелердің жауапты басшылары іске кірісіп, су тапшылығын​ жоюға қатысты шаралар жылдам атқарылып жатыр.

Екіншіден, адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатындардың айыптаулары Батыс елдерінің Иранға қарсы саяси үгіт-насихат органдарының тұрақты тәсіліне айналды.Мұндай қатынас бұдан бұрын 1398 жылғы ​ (2019) абан оқиғасында орын алды. Ол кезде бензин бағасының өсуіне қатысты наразылықтар Иранның кейбір қалаларын тынышсыздандырғаннан кейін халықтың наразылық қозғалысына бөгде ақпарат құралдары мен революцияға қарсы күштер араласып, бағыты өзгерді. Маңызды экономикалық және қауіпсіздік ​ орталықтарына шабуыл жасалып, бүлік оты одан ары өршіді.

Ал негізі мұндай әрекеттердің мақсаттары айқын. ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы айтқандай, БҰҰ-ның Адам құқығы жоғары комиссары кеңсесінің Иранның біртұтас халқына іріткі салып, азшылықтың құқығы бұзылғандай көрсетуге талпынуы кейбір елдердің саяси бағдарламасына сәйкес атқарылып жатыр. Бұл елдердің Иран халқымен жауластығы ешкімге жасырын емес. ​ ​