Шіл 26, 2021 14:03 Asia/Almaty

Иранның күнтізбесінде 4 мордад шейх Сефи ад-Дин Ардебилиді ұлықтау күні деп белгіленген.

Шейх Сефи ад-Дин Ардебили мазар-кешені х.қ.ж.с.б. 735 жылы оның ұлы Садреддин Мұса тарапынан Ардебиль қаласында салынды. Ол Иранның маңызды мәдени, тарихи және туристік кешендерінің бірі. ​

Бұл кешен шейх Сефи мазары (Алла-Алла күмбезі), Чинихане ғимараты, Дар ул-хифаз залы, Дар ул-хадис залы, бау-бақша, шәһидтер жерленген зират және бірнеше мұражайдан тұрады.