Шіл 28, 2021 18:30 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Батысқа сенуге болмайды

Ислам революциясының жетекшісі он екінші үкімет жұмысының соңғы күндерінде президент пен үкімет мүшелерімен кездесіп: «Ішкі бағдарламаларды Батыс елдерінің ұстанымымен байланыстырмау керегі анық. Өйткені тәуелділік жеңіліске ұшыратады»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бүгін, сәрсенбі күні Иран президенті мен он екінші үкімет мүшелерімен соңғы кездесуінде барша мұсылмандарды, әсіресі Иран халқын Ғадир мерекесімен құттықтап, халыққа қызмет етуді илаһи нығмет деп атап: «Осы нығметке шүкіршілік ету үшін революциялық мақсаттарды ілгерілету жолында бар күш-қуатты қолдану керек»,-деді.

Аятолла Хаменеи он бірінші және он екінші үкіметтердің тәжірибелерін пайдалу керектігін айтып: «Осы аралықтағы маңызды тәжірибелердің бірі – Батысқа сенбеу. Болашақ үкімет те мұны қолдануы керек. Батысқа сенбеу керектігі және олардың көмектеспейтіні, қолдары жеткен жерге соққы жасайтыны анықталды. Егер бір жерге соққы бермесе, бергісі келмегендігі емес, бере алмайтынына байланысты»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі президент пен үкімет мүшелеріне: «Жұмыстарды Батыс елдері және АҚШ-пен келіссөздерге байланыстырған әрбір сәтте сәтсіздікке ұшырадыңыздар. Батысқа сенбей, олардан үміт үзе әрекет еткен кезде сәтті ілгеріледіңіздер»,-деді.

Аятолла Хаменеи соңғы Вена келіссөздеріне тоқталып, дипломаттардың, әсіресе кейбір дипломаттардың келіссөздердегі жақсы қызметіне ризалық білдіріп: «Америкалықтар осы келіссөздерде өздерінің қасаң ұстанымынан айнымай отыр, тіпті бір қадам да алға баспады. Америкалықтар ауызша уәде беріп, санкцияларды жоямыз дейді, бірақ жойған жоқ, жоймайды да. Тіпті шарт қойып, осы келісімге бір сөйлем қосуды талап етіп отыр. Ол бойынша кейіннен кейбір тақырыптар талқыланады. Болмаса, келісім жасалмайды деп отыр»,-деді.

Аятолла Хаменеи: «Олар осы сөйлемді енгізу арқылы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы, зымырандық қуате және аймақтық ықпал туралы тақырыптарға кейіннен араласуға жағдай жасамақшы. Егер Иран олар туралы сөйлескісі келмесе, келісімді бұзған болып саналады»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі америкалықтардың толығымен жауластық сипатта қатынас жасап отырғанын айтып: «АҚШ міндеттеме мен уәде бұзуға ұялмайды. Бір рет келісімді бұзды, бірақ ешқандай өтемақы төлемеді. Қазір америкалықтардан келісімді болашақта бұзбайтындарыңызға кепіл беріңіздер деп сұрап едік, кепіл бермейміз деп жауап берді»,-деді.