Шіл 29, 2021 00:15 Asia/Almaty

Иран қауіпсіздік күштерінің ауқымды барлау жұмыстары мен шекарадан тыс жағдайды бақылауының арқасында сионистік режимнің Моссад тыңшылық ұйымына қарасты лаңкестік желі ауыр қару-жарақтар жəне оқ-дəрілермен бірге Иранның батыс шекарасына кірген бетте құрықталды.

ИИР Барлау министрлігінің тыңшылыққа қарсы департаментінің басшысы Моссад жалдамалыларының қару-жарақтарды қалалық бүліктер мен террор кезінде қолдануды көздегенін айтып: "Сионистік режим Ирандағы президенттік  сайлау кезінде елдің түрлі жерінде бүлдіргі əрекеттер жасауды көздеді. Иран қауіпсіздік күштерінің дер кезіндегі шараларының арқасында лаңкестік əрекеттердің алды алынып, Моссадтың аймақтағы лаңкестік желісіне ауыр соққы берілді",-деді.

Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін АҚШ, сионистік режим мен олардың аймақтық одақтастары ИИР жүйесімен күресіп, оны құлатуға түрлі əрекет жасады. Соңғы жылдарда АҚШ-тың санкциялары мен барынша қысымы жеңіліске ұшырағаннан кейін Иранға қауіпсіздік тұрғысынан барынша қысым жасала бастады.

Осы салада Израиль, АҚШ пен Ұлыбритания арасында ауқымды əріптестік жасалуда. Осындай белсенділіктің ашық үлгісі: тыңшылық қызметтер өткен бірнеше жылда Иранның ядролық ғалымдарына террор жасауда тікелей рөл атқарды.

Сионистік режимнің əскери сарапшысы Юоф Лимур "Израиль Хиум" газетінде жариялаған мақаласында Моссадтың Иранға қарсы бүлдіргі жəне лаңкестік əрекеттері, соның ішінде ядролық ғалым Мохсен Фахризадеге террор жасауға қатысқанын айтып: "Бұл жылдарда қатынастың өзгергеніне куə болдық.

Моссад өткен жиырма жылда Дубайда ХАМАС басшыларының бірі Махмұд əл-Мабхухқа террор жасағаннан кейін өз мүшелеріне қатерді азайту үшін қызметкерлердің орнына жалдамалыларды пайдалануға шешім қабылдады",-деді.

Осы сионистік сарапшы: "Бұл əрекеттер АҚШ үкіметінің қолдауынсыз жүзеге   асырылмайды",-деді.

Батыс елдері, Израиль мен араб елдерінің тыңшылық қызметтерінің қолдауына ие бүлдіргі топтар мен тыңшылық желілерді жою жəне лаңкестер мен сатқындардың ұсталуы шын мәнінде Иран қауіпсіздік күштерінің қырағылығы жəне дұшпанның қастандықтарына төтеп беру құдіретін білдіреді.