Шіл 31, 2021 18:56 Asia/Almaty

Хазірет имам Мұса Каземнің (ғ.) туған күніне орай Иранда шәһид Фахризаде атындағы тіс емдеу орталығы ашылды.

100 тіс емдеу кабинеті  бар бұл орталықтың ғимараты 5 қабаттан тұрады. Иран Қорғаныс министрінің айтуынша, шәһид Фахризаде атындағы тіс емдеу орталығы күніне 350 пациентті қабылдап, ауыз қуысы мен тіске қатысты түрлі қызмет көрсетеді. 

Сондай-ақ бүгін Иран Президентінің бейнеконференция арқылы қатысуымен 1443 орындық 7 аурухана ашылды.