Там 11, 2021 21:05 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі теледидарда сөйлеген сөзінде коронавируспен күресуді елдің басты әрі шұғыл мәселесі деп атады.

Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні теледидарда коронавирустың өршіп тұрғаны жайлы сөйлеген сөзінде вирустың модификациялануымен күресуге қажетті нәрсе жаңа әрі мықты  қорғаныс тәсілдерін пайдалану деп атап: «Бір күнде 500-ден аса адамның қайтыс болуы және олардың жанұяларының қайғыға батуы, сондай-ақ ондаған мың адамның вирус жұқтыруы және олардың емделудегі қиындықтары шын мәнінде өте ауыр. Әрбір мұсылман мен отандастың жүрегі бұл жағдайға қан жылайды. Сондықтан бұл жағдаймен күресуге міндеттіміз»,-деді.

Ол Иран президентінің коронавирустың таралуымен күресу үшін ұсыныстар жинап, шешім қабылдауға бір апта уақыт алғанын жақсы іс деп атап: «Белгіленген уақыт ішінде жағдай нақты сараланып, кез келген шараға кесімді шешім қабылданып, орындалатын болады»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі медициналық қызметкерлердің қатты шаршағанын, олардың рухани және физикалық тұрғыдан ауыр қысымға түсіп отырғанын айтып: «Шын мәнінде джиһад жасап жатқан дәрігерлер, мейірбикелер мен емдеу кадрларына шын жүректен алғыс айтамын. Ал негізі шын алғыс Аллаға лайықты»,-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи індетті анықтайтын зерттеулердің дамытылуы қажеттігін айтып: «Аурудың басында жалпы диагностикалық зерттеулер жүргізіледі. Бұл жақсы іс. Медициналық жүйе басидждің көмегімен осы істі атқаруы керек»,-деп еске салды.

Хазірет аятолла Хаменеи жауапты тұлғаларға кеңесінде вакцинамен толық қамтамасыз ету қажеттігін айтып: «Қуанышқа орай, ел ішінде вакцина өндіру арқылы шетелдік импортқа жол ашылды. Бұған дейін вакцинаның құны төленгенімен шетелдік сатушылар уағда бұзып келген еді»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі: «Вакцина импорттау арқылы болса да, іште өндірілсе де, еселенген жігермен қамтамасыз етіліп, халықтың ықтиярына берілуі тиіс»,-деді.

Аятолла Хаменеи Иран Қарулы күштерінің індетпен күрестің алғашқы айларында мықты да байсалды атсалысқанына тоқталып: «Қарулы күштер қазір де осы салада жұмыс жасап жатыр. Олар бұдан былай да бар күш-қуатымен халыққа көмектесуі тиіс»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі халыққа арнаған сөзінің бір бөлігінде қиындықтың бір бөлігін карантиндік ережелерді сақтамау деп атап: «Құрметті халқым, алғашқы айлардағы сезімталдықпен ережелерді толық сақтаңыздар. Сонда өзіміздің де, басқалардың да жаны мен денсаулығына қатер төнбейді»,-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи басқа бір кеңесінде хазірет имам Хұсейнді (ғ.) аза тұту жиындарын  Алланың рақымы мен берекесіне ие болудың негізі деп атап: «Халық пен мемлекет бұл берекелі жиындарды қажет етеді, бірақ оларды өткізуде карантиндік ережелер нақты да қатаң сақталуы тиіс»,-деді.

Тегтер