Қыр 04, 2021 20:09 Asia/Almaty
  • Парсы шығанағында Сақшылар корпусы Теңіз күштерінің 150 кемесінің әскери парады өтті

Отарлаумен күрес күніне орай Парсы шығанағында Ислам революциясының Сақшылар корпусы Теңіз күштерінің 150 кемесінің әскери парады өтті.

«Тасним» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сақшылар корпусы Теңіз күштерінің екінші аймағының қолбасшысы сардар Рамазан Зирахи: «Шәһид Раисәли Делвазиді еске алуға орай Парсы шығанағында осы шәһидтің туып өскен Тангестан ауданының Делваз жағалауында азаматтық және әскери кемелердің қатысуымен әскери парад өтті»,-деді.

 

Тегтер