Қыр 15, 2021 14:41 Asia/Almaty
  • Ирандық 4 вакцина келесі айдың ішінде вакцинация себетіне қосылады

Иранның Денсаулық сақтау министрінің орынбасары «Фахра», «Нора», «Спикоген» және «Пастер» вакциналарына лицензия берілуі және осы төрт вакцинаның келесі айдың ішінде елдің вакцинация себетіне қосылуына тоқталып, елдегі вакцинациялауды 48 күнде аяқтау жоспары туралы хабарлады.

Алиреза Раиси Ирандағы вакцинация жағдайы туралы: «Отандық вакциналар өндірісі жеделдеп жатыр және «Фахра», «Нора», «Спикоген» және «Пастер» сияқты басқа вакциналарға лицензиялар берілді, олар бір айдын ішінде нарыққа  шығады. Қазіргі таңда біз елімізде 5 миллион 200 мың дозадан астам «Баракат» вакцинасын егтік. Бұл вакцинаның ықтимал жанама әсерлерінің мөлшері Pfizer, Modern және басқа шетелдік вакциналармен салыстырғанда өте төмен»,- деді.