Қыр 15, 2021 16:54 Asia/Almaty
  • Иран әлемде коронавирус вакцинасын егу рекордын жаңарту қарсанында

"Дельта" деп аталатын коронавирустың жаңа түрі таралуы, көптеген елдерде өлімге әкелетін вирустың өршуі мен вакцинаны тездету қажеттілігін айтарлықтай арттырды.

 

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи осыдан шамамен бір ай бұрын теледидар арқылы сөйлеген сөзінде коронавирусқа қарсыласуды елдің басты әрі шұғыл мәселесі атап: «Вакцина импорттық болсын, отандық шығарма болсын, екі есе күшпен және кез келген жолмен қамтамасыз етіліп, барлық адамдарға қол жетімді болуы керек»,- деп баса айтты.

Вакциналарды өндіру саласындағы техникалық, мамандандырылған және вакциналарды импорттауға тапсырыс беруге бағытталған дипломатиялық шаралар осы күні оң нәтиже көрсетті.  Иранның Денсаулық сақтау министрі Бахрам Айноллахи сейсенбі күні: «Коронавирусқа қарсы отандық вакциналармен қамтамасыз етімен қатар оның импорттың едәуір өсуіне көңіл бөле,  осы аптада Иран коронавирус вакцинаны егу бойынша әлемдік рекордты жаңартпақ»,- деп мәлімдеді. Қазіргі уақытта Германия аптасына 5 миллион доза вакцина егу бойынша рекорд орнатты. Иранға егілген вакциналардың жалпы саны бүгінге 38 миллион дозаға жетті. Бұл мөлшер вакцинаның отандық өндірісінің ұлғаюымен осы айдың соңына қарай 50 миллион дозаға жетеді.

Имам Хомейни атындағы атқарушы штабы үйлестірушісінің орынбасары  Сейед Мұстафа Сейедхашеми «Shafa Pharmed» фабрикасының екінші кезеңіндегі өндірістің алға ілгерлеуін хабарлап: «Қуаттылығы 6-8 миллионға дейін «Баракат» вакцинасын шығаратын бұл желі жақын күндері ресми түрде пайдалануға беріледі.  Қазір «Баракат» вакцинасын шығару 7 миллион дозаға жетті. Сонымен қатар, Sinagen, Razi, Pasteur, Fakhra және Barakat бес вакцинасына отандық өндіріс лицензиялары да берілді. Коронавирустың таралуын бақылау бүкіл әлемде шынайы және үйлестірілген күш-жігерді қажет етеді. Дүниежүзінде коронавирусқа қарсы вакциналардың ондаған жобалары ілгерілеп, табысқа жеткеніне қарамастан, «дәрі-дәрмек нарығындағы монополиялар барлық елдердің  вакцинаға әділ қол жеткізуіне мүмкіндік бере ме?» деген сұрақ туындайды. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Алиреза Раиси Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ирандағы өкілі Джафар Хұсейнмен кездесуінде осы мәселеге тоқталып, әлемдегі вакцина апартеид қатерін  ескертті. Ол: «Саяхат визалары кейбір елдерге тек Pfizer, Moderna, Astraznka немесе Johnson & Johnson вакциналарымен егілгендерге ғана беріледі деп хабарлау өте қауіпті. Кейбір ірі елдердің әрекеттері вакциналарды шығаратын бірнеше компаниялардың пайдасын ойлағаны болмаса, әлемге және адамдардың денсаулығына пайда әкелмейді»,- деді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша 2022 жылға дейін әлем коронавируспен қарсыласуды жалғастырады. Өйткені осы жылы әлем халқының 40 пайызы ғана вакцинацияланады, ал иммунитет қауіпсіздігі бұл көрсеткіш 70 пайзға жеткенде қол жеткізіледі. Бұл туралы Washington Times Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас хатшысы Тадрос Адханум: «Әлемдегі коронавирустық мутациямен қатар, вакциналар қорының тек 0,3 пайызы табысы төмен елдерге беріледі»,- деп жариялады. Иранда  вакцина жасау үшін құнды ғылыми және зерттеу жұмыстары жүргізілді және бұл салада толықтырылатын  шаралар қарқынмен жүріп жатыр. Иранның Денсаулық сақтау министрінің сөздері бұл жұмыстарды растайды.