Қыр 15, 2021 17:54 Asia/Almaty
  • Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерімен сауда мөлшері 28 миллиард долларға жетті

Иран Кеденінің өкілі бұл елдің ШЫҰ-ға мүше елдермен 28 миллиард долларлық сауда-саттыққа ие екенін жариялады.

 

Рухолла Латифи: «Өткен 1399 жылы Иранның ШЫҰ-ға мүше елдермен сауда көлемі 28 миллиард доллар теңелген 55,5 миллион тоннаны құрады. Оның ішінде Иранның бұл елдерге экспорты 13 миллиард 600 миллион долларға 46 миллион тоннаны және Иранның бұл елдерден импорты 13 миллиард 200 миллион долларға 9 миллион тоннаны құрады»,- деді. Иран Кеденінің өкілі 1400 жылдың алғашқы 5 айындағы Иранның Шанхай ұйымының басқа 11 мүшесімен саудасының көлемін 12 миллиард 500 миллион доллар болғанын хабарлады.