Қыр 16, 2021 14:37 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Амирабад айлағы – Иран мен Еуразия арасындағы экономикалық көпір

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Еуразиямен сауда қарым-қатынасын дамыту үдерісінде елдің солтүстігіндегі Мазандеран облысының Беһшаһр ауданындағы Амирабад арнайы экономикалық айлағының әлеуетін пайдалану қажеттігін айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф бүгін, бейсенбі күні Амирабад арнайы экономикалық айлағын аралау барысында бұл айлақтың Иранның Еуразия одағына жол бастар қақпасы деп атап: «Амирабадтың әлеуетін қолдану арқылы Иранның Каспий теңізі маңындағы елдермен экономикалық қарым-қатынасын арттыруға болады»,-деді.

Қалибаф Амирабад айлағына салынған инвестиция көлеміне ризалық білдіріп, айлақтың әлеуетін арттырып, жүк тиеу доктары мен тауар сақтау қоймаларын кеңейту қажеттігін айтты.

Тегтер